Жұма, 15.11.2019
Қарағандыда: -9 °C
ТаратуСайттың картасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері

Қазақстан Республикасы         
Президентінің              
2000 жылғы 21 қаңтардағы        
N 328 Жарлығымен            
бекітілген              

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің  
қызмет этикасы ережелері 

       Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.  
       Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.  
       Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін белгілейді.  
      Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. <*>  
            1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:  
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге;  
      2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге;  
      3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға;  
      4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға;  
      5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;  
      6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс.  
      
      2. Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері:  
      1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау;  
      2) мемлекет мүдделерін қорғау; 
      3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу; 
      4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару; 
      5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау; 
      6) қызметтік міндеттерін атқару үстінде өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария етпеу;  
      7) мемлекеттік қызметшінің жеке өзіне қатысты мәселелерде шешімдер қабылдауға жауапты адамдардың қызметіне араласпау;  
      8) республиканың беделін түсіретін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуі мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін міндеттемелерді алмау, іс-әрекетке, сөз сөйлеу мен пікір айтуға жол бермеу;  
      9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;  
      10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру; 
      11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады.   
      3. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:  
      1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;  
      2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;  
      3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге; <*>  
      4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;  
      5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;  
      6) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге; <*>  
      7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға; <*>  
      8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге; <*>  
      9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті.<*>  
      
      4. Бағыныстылары бар мемлекеттік қызметшілер:  
      1) өзіне бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға;  
      2) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы іс-қылықтар немесе жалпы жұрт қабылдаған этика нормаларымен үйлеспейтін іс-қылықтар жасауға мәжбүр етпеуге. <*>  
      3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.<*>  
            5. Осы Ережелерде көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.  
         6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет этикасы нормаларын сақтаумен қоса:  
     1) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге;  
     2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;  
     3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті. 

Сенім телефоны
+7 7212 40 07 89
Электрондық мекенжай
Қарағанды,
Құрылысшылар даңғылы 4