Жұма, 15.11.2019
Қарағандыда: -9 °C
ТаратуСайттың картасы

Ереже

«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қарағанды облысының аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында мемлекеттік басқару органының қызметтерін атқаруға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған
уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

                             

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:  100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управлениепо вопросам молодежной политики Карагандинской области».

10. Осы Ереже «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжатыболып табылады.

11. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.

12. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында,  кәсіпкерлік субъектілерімен  шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер  мемлекеттік  бюджет  кірісіне  жіберіледі. 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері  жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жастар саясаты аясында мемлекеттік басқару қызметін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып саналады.Қарағанды облысының жастарын қолдау мен дамыту және  жастардың рухани, мәдени, білім, кәсіби қалыптасуы, дене дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайы мен кепілдігін жасау арқылы елімізді  әлеуметтік- экономикалық дамытуға  белсенді араластыру, қоғам мүддесі үшін шығармашылық әлеуетін ашу.

14. Міндеттері:    

  1. жастардың отаншылдық сезім-санасын және азаматтық белсенділігін арттыру;

жастарды облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуға белсенді қатыстыру;

тұрақты және уақытша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру арқылы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету;

барша қоғам мүддесі үшін жастардың шығармашылық әлеуетін ашу;

жастардың әлеуметтік маңызды бастамашылдығын жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) облыста мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлейді және облыстық мәслихатқа бекітуге енгізеді;

3) облыстың жергілікті атқарушы органдарының жанындағы жастар саясаты мәселелері бойынша консультативті-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-техникалық және қаржылық  қамтылуын қамтамасыз етедi;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру жұмысын атқарады.

5) мемлекеттік жастар саясаты саласында әдістемелік және консультативті көмек көрсетеді;

  1. 6)  мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың ұйымдастырушысы және жастар саясаты саласындағы бағдарламалардың әкімшісі ретінде шығады; 

7) коммуналдық заңды тұлғаларды басқару органының қызметін жүзеге асырады;

8) ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің және әкімнің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға. 

9) бекітуші немесе өкімдік сипатқа иелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қаулыларын және өкімдерін, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының өкімдерін және тапсырмаларын, облыстық әкімдік қаулыларын, облыстық Мәслихат сессиялары шешімдерін орындау

16. Құқықтары мен міндеттері:

аудандық және қалалық ішкі саясат, білім, мәдениет, спорт бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардар мен басқа азаматтардан өзінің функцияларын атқару үшін қажетті  ақпаратты сұратуға және алуға;

мемлекеттік органдар мен  басқа ұйымдардың   құзыретіне жататын сұрақтарын дайындау үшің олардың жұмыскерлерін (келісім бойынша) қатысуға шақыру, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

мемлекеттік жастар саясаты саласының, жас азаматтардың құқықтарын сақтау сұрақтары құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына  және Басқарма құзыретіне кіретін  басқа сұрақтары бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;

жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыс әкімдігіне бекіту үшін құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, ұсынуға;

Басқарманың жастар саясаты саласындағы жұмысын жақсарту мәселесі бойынша облыс әкіміне және облыс әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына ұсыныс жасауға;

аудандық және қалалық ішкі саясат, білім, мәдениет, спорт бөлімдерімен және басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында  өзара әрекет  етуге;

тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, өз құзыреті шегінде тиісті саланың мемлекеттік мүлікін басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, бекітуге

коммуналдық мекеме қызметінің негізі мен мақсатын белгілеуге; 

коммуналды заңды тұлғалардың мүлкінің пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауға; 

коммуналды мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған мүлкін алып тастауға немесе қайта бөлуге келісімін беруге; 

коммуналды заңды тұлғаның жарғысын (ережесін) және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

коммуналды заңды тұлғаның жылдық қаржылық есебін бекітуге; 

коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын бекітуге;  

коммуналды мемлекеттік мекемелердің филиалдары мен өкілеттіктерін құруға келісім беруге; 

коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органмен келісе отырып коммуналдық заңды тұлғаны қайта құруды және жоюды іске асыруға; 

Басқармаға мемлекеттік акция пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлесі) иелік ету және қолдану құқығы берілген жағдайда өз өкілін жалғыз акционер (қатысушы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) тиісті директорлар кеңесіне (бақылаушы кеңесі) тағайындайды, ал кейбір мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиынында бекітуге директорлар кеңесі немесе бақылаушы кеңестерге кандидатура ұсынуға; 

мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің құрамына немесе мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылаушы кеңесінің құрамына коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін енгізуге қажетті шараларды қамтамасыз етуге немесе қабылдауға; 

мемлекетік мүлік реестірінде бұл мәліметтерді көрсету үшін мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысуымен заңды тұлғалардың басқаруындағы тізімді, оның ішінде атаулы тізімді, оларды   басқаруға Басқарма акционер (қатысушы) ретінде мемлекет құқығын жүзеге асырушы ретінде мәліметтер дайындауға;  

ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға. 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері  жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері  жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері  жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді және марапаттайды;

басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

басқарма атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;

өз өкілеттігінің шектерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші  басшы  өз  орынбасарларының  өкілеттіктерін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі           басқармасы»  мемлекеттік  мекемесінің  заңнамада   көзделген жағдайларда   жедел                                                                          

басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда)  және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен  қалыптастырылады.             

23. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып  алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы  жоқ.

5. Жұмыс тәртібі

25. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек  заңнамасына  сәйкес реттеледі.

6. Мемлекеттік органдықайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі

27. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сенім телефоны
+7 7212 40 07 89
Электрондық мекенжай
Қарағанды,
Құрылысшылар даңғылы 4