Жұма, 15.11.2019
Қарағандыда: -9 °C
ТаратуСайттың картасы

Жаңалықтар

28.08.2019
Ауылдың жас кәсіпкерлеріне өз ісін дөңгелету үшін Қарағанды облысы әкімінің гранты табыс телді

Қарағанды облысында Халықаралық ауылдық жастар форумы өтуде. Қатысушылар Қазақстанның киелі мекені – ұлытауда бас қосты. Ұйымдастырушылар форумды Жастар жылына арнап отыр. Шараға аймақтың түпкір-түпкірінен делегаттар жиналып қана қоймай, республикамыздың басқа облыстарынан және ТМД елдерінен қонақтар келді.

Бастамашылар аталмыш кездесу белсенді жастарды біріктіріп, ол жастар саясаты саласында оң тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаңға айналады деп сенеді. Қазіргі таңда ауылдық жастардың кәсіпкерлігін дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.
Форум 22 тамызда ашылды және үш күнге созылады. Бағдарламада семинар-тренингтер, пікірталас алаңдары, квест және тимбилдинг, сондай-ақ экскурсиялар, алау жанында гитарамен ән шырқау және басқа да ойын-сауықтар қамтылған. Жастар Әулиетау тауына көтеріліп, оның шыңына жалауын қояды. Делегаттар «Ұлытау Sky» әуе жыландары фестиваліне және Jezkiik этномәдени мұрасының Екінші Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуына қатысады.

Форум аясында жас ауыл кәсіпкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің гранттары табыс етілді. Бес ауданның өкілдері - 10 жігіт пен қыздар миллион теңгеден алды. Олар бұл қаражатты өз ісін дамытуға жұмсайды. Жобалардың аясы кең - сүт өңдеу мен автомобиль сервисінен бастап, клинингтік қызметтерге және туристік маршруттарды ұйымдастыруға дейін бар.

Облыс әкімінің гранттарына Бұқар Жырау ауданының тұрғындары Жалғас Қабылқаиров, Тадей Самсонов, Жаңаарқа ауданынан Бекмұрат Алпысов, Ерқанат Нұрғали, Мейрамбек Салықпаев, Ұлытау ауданының жас кәсіпкерлері Сағадат Мұхамбетов, Шет ауданынан Сая Олжатай, Әлішер Серікбаев, Нұра ауданынан Қанат Әбдіғапар, Анастасия Қалаева ие болды.

Сондай-ақ форум барысында өңірлік жастар саясатын дамытуға үлес қосқан белсенді жастар марапаттады.

 


Вернуться назад

Сенім телефоны
+7 7212 40 07 89
Электрондық мекенжай
Қарағанды,
Құрылысшылар даңғылы 4