Сәрсенбі, 20.11.2019
Қарағандыда: -19 °C
ТаратуСайттың картасы

Жаңалықтар

24.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында болып қайтты

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. ҚР Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы «Айбын» V Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Шараға сонымен бірге ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты.
«Спасск» оқу орталығының полигонында еліміздің он жеті өңірінен 600-ден астам әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері жиналды. Апта бойы жасөспірімдер дене шынықтыру дайындығын жетілдіріп, жарыстар мен ойындарда әскери-қолданбалы дағдыларын көрсетеді. Жиынға қатысушылар құрдастарымен жақынырақ танысып, жаңа достар таба алады. Балалар үшін байқаулар, спорттық жарыстар және қызықты адамдармен кездесулер дайындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға өз күш-қуатын өмірдегі басты мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмсауға шақырды.
- Отанымызға адал, жауапкершілігі жоғары, қайратты және қайсар жастарымыздың басын қосқан бұл жиынның мән-маңызы айрықша. Біз Тәуелсәз еліміздің бүгінгі жастарына әрқашан зор үміт артамыз, сенеміз. Қазақстанның әрбір жетістігі өздеріңіз сияқты жас өрендердің алаңсыз, жарқын келешегі үшін жасалған қадам. Бүгінде елімізге барша әлем қауымдастығы құрметпен қарайды. Мемлекетіміз қарқынды дамуда. Мұның барлығы тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімде атқарылған табанды еңбектің нәтижесі. Еліміздің абыраойын арттыру сіздердің Отан алдындағы қастерлі борыштарыңыз. Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң», - деп атап өтті Ел Президенті.
Ол өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық екенін атап өтті.
- Елімізде жас қазақстандықтар арасында патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Осы мақсатта "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Әскери - патриоттық клубтар мен сыныптар саны 6 000-ға жетті, оларда 174 мың бала білім алуда, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Іс-шараның ашылу салтанатында театрландырылған көріністе батыр ұрпақтарының байланысы көрсетілді. Ал террористерді залалсыздандыру бойынша шартты көрнекі операцияда көрермендер қазіргі заманғы қару-жарақтың мүмкіндіктерін көрді. Бұл шараға артиллерия, танктер және әуе техникасы – тікұшақтар мен жойғыштар жұмылдырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ дала лагерін аралап, оқу орталығының жағдайымен танысты.
Спасскіде Президент пен жас патриоттар 2050 жылғы қазақстандықтардың болашақ буынына Жолдау жазылған «уақыт капсуласын» салды. Болашақ Отан қорғаушылар робототехникада білімдерін көрсетіп, сапер, барлаушы және т. б. роботтардың үлгілерін көрсетті. Жиын қатысушыларына «Голос.Дети» байқауының жеңмпазы Ержан Максим,Ментальді арифметика бойынша Әлем чемпионы Илья Тохтахан, кеуде көтеру бойынша әлемдік рекордшы Әмір Махмет, шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен әңгімелесу мүмкіндігі туды.


Вернуться назад

Сенім телефоны
+7 7212 40 07 89
Электрондық мекенжай
Қарағанды,
Құрылысшылар даңғылы 4